Тергеушілердің болжамы бойынша іздеуде жүрген күдікті қаладағы ірі өндіріс орындарының бірінен құны 31 млн теңге болатын титан құймаларын ұрлаған. Бұл туралы yk-news.kz сайты жазады.
53 жастағы қашқын металл өндіретін кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген. Өткен жылдың шілде айының ортасына таман зауыт аумағынан тоғыз келі титан құймаларын жасырын алып шыққан. Ол жарты жылдан бері іздеуде жүр. Өткен айдың соңында қалалық сот халықаралық қашқындардың тізіміне қосуға санкция берді. Енді оны Интерпол, Европол секілді күштік құрылымдар да іздейтін болады.
Титан - түрлі салада қолданылатын қымбат металл. Сүйекпен тез сіңісетін қасиеті үшін титан тіс дәрігерлері тарапынан да қымбат бағаланады екен.