$ 514.65  544.6  5.17

Қаталап бара жатқандай су іше берген қақпашы құтыдағы жазудың арқасында командасын алға сүйреді

Англия кубогының 1/4 финалында "Норвич" командасы "МЮ" - "Дерби" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

"Норвич Сити" командасының голландиялық қақпашысы Тим Крул Англия кубогының 1/8 финалында "Тоттенхэммен" пенальти сериясында (1:1, пенальти 3:2) қаһарман атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Голкипер Трой Перрота және Жедсон Фернандештің соққысын кері қайтара алды. Соққы алдында қақпашы бір орында тұрмай, шөлмектен су іше берді. Кейін шөлмекте "Тоттенхэм" футболшылары қақпаның қай бұрышына тебуді ұнатататыны туралы жазба болғаны анықталды. 

Сол шөлмектегі жазудың арқасында оның командасы жартылай финалға шықты және "Тоттенхэмді" жарыстан шығарып тастады.

Англия кубогының 1/4 финалында "Норвич" командасы "МЮ" - "Дерби" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Крул "Норвич Сити" сапына 2018 жылы "Брайтон энд Хоув Альбион" клубынан еркін агент ретінде өткен. Мұның алдында 31 жастағы футболшы "Ньюкасл Юнайтед", "Фалкирк", "Карлайл Юнайтед", "Аякс" пен "АЗ Алкмар" сапында өнер көрсеткен. Нидерланды құрамасы үшін сегіз матчте ойнаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары