Иранның Сириядағы бұрынғы елшісі, 68 жастағы Хосейн Шейхолислам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz, Mehr News-ке сілтеме жасап.
Шейхолислам парламент спикері Али Лариджанидің халықаралық істер бойынша көмекшісі болды. Ол сонымен бірге, Дүниежүзілік Ассамблеяда Ислам трендтерін жақындастыру жөніндегі сыртқы істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Оған қоса, жетінші шақырылымдағы Иран Мәжілісінің (парламентінің) депутаты болып сайланды.
Бұған дейін Иранның өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Ризи Рахмани коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланған болатын. Ауру адамдар арасында әйелдер және отбасылық мәселелер жөніндегі вице-президент Масуме Эбтекар да болды.
Кейінірек елдің тағы бір беделді шенеунігі Мохаммад Мир-Мохаммади аурудан қайтыс болғаны анықталды. Ол Иранның жоғарғы басшысының кеңесші органы - шешімдердің орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің мүшесі болды.
Коронавирустың салдарынан Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хосровшахи да қайтыс болды. Ол 81 жасында көз жұмды.