$ 494.87  520.65  4.91

ҚАЖК Владислав Челахтың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Түрмеде оның орнында ұқсас адамның отырғаны туралы жазылған еді.
Фото: rus.azattyq.org
Фото: rus.azattyq.org

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жітіқарадағы «Қара бүркіт» атты қатаң режимдегі колонияда отырған Владислав Челахтың өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

«Ақпарат жалған. Ол тірі, сау. Бұрынғыдай қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр. Денсаулығына ешқандай шағым, наразылық жоқ», - делінген комитеттің хабарламасында.

Бұған дейін БАҚ-та В.Челахтың өзіне-өзі қол жұмсағаны, ал түрмеде оның орнында оған ұқсас адамның отырғаны туралы ақпараттар тараған болатын.

Тағы оқи отырыңыз: Өмір бойына бас бостандығынан айрылған Челахтың өзін-өзі өлтіргені рас па?

Еске салсақ, 2012 жылы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашыны өлтірді деген айыппен Владислав Челахты сот өмір бойына бас бостандығынан айырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары