$ 449.58  486.94  4.86

Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевті нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Кездесуден кейін сөз алған спортшы о баста отанында жекпе-жекке шыққысы келмегенін айтты.

Алматыда өткен Absolute Championship Akhmat 105 аралас жекпе-жек турнирінің басты кездесуінде жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Арман Оспанов (9-3) ресейлік Расул Мирзаевті (18-2) нокаутпен жеңді, деп жазады sports.kz.  

5 раундқа шақталған жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды.  

Бұл – Арман Оспановтың кәсіби ММА-дегі оныншы жеңісі. Расул Мирзаев болса үшінші рет жеңіліп отыр.  

Кездесуден кейін сөз алған спортшы о баста отанында жекпе-жекке шыққысы келмегенін айтты.  

"Қарсыласыма шексіз алғыс білдіргім келеді, оны қатты құрметтеймін. Оған мұнымен тоқтама, алға жүр, сені әлі талай жеңіс тосып тұр дегім келеді. Барлық жанкүйеріме рахмет айтам! Қолдауларыңызға мың алғыс! Жанкүйерлер энергиясы қыздыра түсті. Басында отанымда жекпе-жек өткізгім келмеген. Осы октогонда жеңілген кездерім де болды. Ол кезде мен бразилиялық спортшымен шыққанмын. Содан кейін Қазақстанда кездесу өткізбеймін деп өзіме сөз берген едім. Ол кезде қатты толқыныста болдым. Бірақ Аллаға шүкір, бәрі қолдан келді. Командама, ұйымдастырушыларға, барлығына алғысымды білдіремін!", – деді Оспанов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары