$ 494.87  520.65  4.91

Полиция Назарбаев туралы мақала жазған журналисті тергеп үлгерген

Мақала авторы Асхат Асанның айтуынша, қылмыстық іс газеттің 20 ақпан күнгі санында жарияланған "Экс-президентті іздеп, Интерполға жүгінетін күн туса..." атты мақалаға байланысты қозғалған.

Құқық қорғау органдары "Жас Алаш" газетінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы мақала жарияланғаннан кейін Қылмыстық кодекстің 174-бап - "әлеуметтік араздық қоздыру" бабы бойынша, қылмыстық іс қозғап, авторын полицияға шақырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

 Мақала авторы Асхат Асанның айтуынша, қылмыстық іс газеттің 20 ақпан күнгі санында жарияланған "Экс-президентті іздеп, Интерполға жүгінетін күн туса..." атты мақалаға байланысты қозғалған. Полиция журналисті куәгер ретінде тергеп үлгерген.

"Бұл мақала газетке аз уақыт Инга Иманбай бас редактор болған кезде жарияланды. Асхат Асанның айтуынша, астанадан іссапармен келген тергеуші сұрақ-жауап кезінде Инга Иманбайдың мақалаға қосқан үлесі туралы да түрлі сұрақтар қойған", - деп жазды іс туралы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы 6 наурызда.

Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Асхат Асан мен газеттің бұрынғы бас редакторы Инга Иманбай істі журналистік қызметімен байланыстырды.

Азаттық тілшісі әзірге бас прокуратурадан жауап ала алмады. Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілі 6 наурызда түстен кейін "қызметкерлердің бәрі мерекелік шарада екенін, өзінің сұрақтарға жауап бере алмайтынын" айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары