Қазгидромет 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасы ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Өтіп жатқан циклон әсерінен еліміздің солтүстік аймақтарында кей жерлерде аздаған қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күшеюі, солтүстікте – жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан облысында жел 18-23, таулы аудандарда 27 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.
Маңғыстау облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.