$ 444.22  476.38  4.82

Қарағанды көшесінде ақылды иттер әйелдерге гүл сыйлады

Іс-шараны жергілікті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.

Қарағандыда ерекше акция өтті. Полицейлер мен кинологтар қызметтік иттермен бірге қала көшелерінде қыздарды мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, қала көшелерінде «Сэра» деп аталатын қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдырып, ерекше құттықтау акциясын өткізді.

Іс-шара барысында «Сэра» өтіп бара жатқан қыздарға және әйелдерге гүл сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары