$ 445.66  474.58  4.78

Бұрынғы бас мүфти институт директоры болып тағайындалды

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серікбай қажы Ораз Алматыдағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды muftyat.kz.

Институт ұжымына Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет оқып берген.

«Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті. Осы жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, құрылтайда Серікбай қажы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары