$ 448.15  483.46  4.86

Василий Левит іріктеу турнирінде атой салып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Бұл салмақта тек жартылай финалға шыққан боксшылар ғана Олимпиада ойындарына жолдама алады.

Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 91 келі салмақта Василий Левит Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының (2017, 2019) екі дүркін қола жүлдегері және 2009, 2015, 2017 жылдары Азияның үш дүркін чемпионы атанған Левит қазақ боксшылары арасынан үшінші болып Токио Олимпиадасына жолдама ұтып отыр.

Алғашқы айқасын ширек финалдан бастаған жерлесіміз Тәжікстан спортшысы Эрдэнэбаяр Сандагсүрэнмен (Ерденебайыр Сандыгсүрен) жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға шықты.

Бұл салмақта тек жартылай финалға шыққан боксшылар ғана Олимпиада ойындарына жолдама алады. Осы орайда, қостанайлық халықаралық дәрежедегі боксшы өз міндетін абыроймен атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары