Ақмола облысының Астрахань ауданы Астрахань ауылында 9 жасар бала кәріз құдығына құлап кетіп, жарты күн бойы көмек күтіп отырған. Оқиға 5 ақпан күні орын алды. Оқушы аулада ойнап жүріп, құдыққа тайып түсіп кеткен деп жазады "Интерфакс Казахстан".
Жеткіншекті іздеуге облыстық ТЖД-ның құтқарушылары (10 маман мен 2 техника), аудандық ІІБ полицейлері (30 маман мен 7 техника), жергілікті атқару органдарының қызметкерлері (6 маман), аудандық білім бөлімінің мамандары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Жоғалған бала тек келесі күні таңертең ғана табылды.
Оқушының жағдайы қанағаттанарлық, арнайы мамандар бұл іске кінәліні іздестіруде.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай осыдан бірер ай бұрын астанада да орын алған еді. Ол кезде мектептен үйіне қайтып келе жатқан үшінші сынып оқушысы жол бойында ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кекен болатын. Қыз баланың жылаған дауысын сол маңайдан өтп бара жатқандар естіп қалып, оны аман алып шықты.