$ 494.87  520.65  4.91

Тайваньдағы жер сілкініснен көз жұмғандар саны 35 адамға жетті

Өткен аптаның сенбісінде Тайвань аралында болған жойқын жео сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 адамға жетті деп хабарлайды Reuters. Бұған дейін бұл көрсеткіш 26 адамды құраған болатын. Ал, тағы 117 тұрғынның тағдыры әлі белгісіз.

Құтқарушылар қазіргі таңда қирап қалған 17 қабатты үйді аршып жатыр. Қирандылар астында бірнеше адам болуы мүмкін. Маңайда құтқарушылар мен бірге үйінді астында қалғандардың туыстары да жүр. Жер сілкінісінен 2 күн өткеннен кейін құтқарушылар бір ер және бір әйел азаматты аман алып шықты.

Тайвань аралдарының президенті Ма Ин-цзю бүгін апат болған аймаққа келіп, зардап шеккендермен кездеседі деп күтілуде. Сондай-ақ, өткен айда президенттік сайлауда жеңіске жеткен Цай Ин-вэнь де ресми тағайындалмағанымен оқиға болғанТайнань қаласына атбасын бұрады.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, қажет болған жағдайда көмек көрсететінін айтты.

Естеріңізге салайық, 6 ақпан күні Тайвань аралында қуаттылығы 6,4 балл болатын қуатты жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу эпицентрі Тайнань қаласынан 43 шақырым қашықтықта орналасқан. Қайтыс болғандардың басым көпшілігі 17 қабатты үйдің тұрғындары. Жалпы, аталған апаттан қаладағы 9 ғимарат қирап қалды.

Жергілікті билік өкілдері енді 17 қабатты үйді салған құрылыс компаниясының соңына түспек. Өйткені, жаңа ғимараттың сапасыз материалдарымен салынуы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары