Коронавирус тараған Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
"Аргументы недели" басылымының мамандардың сөзіне сүйеніп жазуынша, коронавирустық инфекция адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды
Бұл дегеніміз, коронавирустан емделген адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін. Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн аурудан айыққан пациент өмір бойы демікпеден зардап шегетінін түсіндірді.
"COVID-19 вирусының организмге әсері ОРВИ мен СПИД-тің комбинациясына ұқсайды. Өйткені ол өкпеге де, иммунды жүйеге де зақым келтіреді", - деп атап өтті дәрігер.
Ол аурудың ерте сатысында, ең алдымен, өкпені қорғау керек екенін айтты.