$ 445.66  474.58  4.78

Англия футболшыларға төрешілермен де, ойыншылармен де қол алысуға тыйым салды

Командалар енді бұрынғыдай премьер-лиганың ресми музыкасы ойналғанда сапта тұрады.
Фото: kazaknews.kz
Фото: kazaknews.kz

Коронавирустың кесірі бәрі. Ағылшын премьер-лигасы матч алдында футболшылар, төрешілер арасында қол алысатын ескі дәстүрге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды zakon.kz, eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

"Осы демалыстан бастап ойыншыларға бір-бірімен де, төрешілермен де қол алысу болмайды. Дәрігерлер "енді амандаса беріңдер" деген рұқсат бермейінше осындай шектеу енгізілді. Коронавирус ауыз бен мұрыннан шығатын көзге көрінбес тамшылар арқылы тарайды. Сондықтан қол алысу арқылы ауру жұғуы бек мүмкін. Командалар енді бұрынғыдай премьер-лиганың ресми музыкасы ойналғанда сапта тұрады, сосын бірақ алаң иелерінің ойыншылары кері бұрылып, қарсыластарының қолын алмастан жанынан өте шығады", – делінеді АПЛ мәлімдемесінде. 

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 98 мың адамға жақындап қалды, 3,3 мыңнан астам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары