$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстандағы спорттық шаралар тоқтаған жоқ» - Мәдениет және спорт министрлігі «өз қатесін» түзетті

Қазақстанда бұқаралық спорттық шаралар өтпейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
фото: ehonews.kz
фото: ehonews.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елімізде бұқаралық спорттық шаралардың мүлде тоқтатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай бұқаралық спорттық шараны кейінге қалдырған жоқ. Қазақстанда бұқаралық спорттық шаралар өтпейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Мұндай шешімді ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Комиссияға коронавирус инфекциясы кең тараған елдерге спортшыларды жібермеу туралы ұсыныс берілген еді», - деп мәлімдеді министрлік.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында өтетін бұқаралық спорт шаралары туралы ешқандай шешім қабылданбағаны да ескертілді.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спорттық шараларды өткізбей, тоқтатып жатыр деген ақпарат тараған-ды. Ал оны бүгін сол министрлікке қарасты Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі растаған да болатын.

«Иә, дұрыс айтасыз. Коронавирусқа байланысты барлық спорт шарасы тоқтатылды», - деген еді баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева, сайт тілшісіне берген жауабында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары