Шығыс Қазақстан облысында 40 миллиард теңге тұратын «Абай-1» бірінші жел электр станциясы салынады. Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Болашақ станция салынатын жер де белгіленді. Аягөз ауданының Ақтоғай ауылы, Ақтоғай ТКК – электрэнергиясын өткізу кепілі. Станция құны - 40 миллиард теңге, қуаты – 100 МВт», - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, қазір жерге орналастыру жобасын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Электр станциясының құрылысымен «Жел электрик» ЖШС айналысады. Бұған дейін компания осыған ұқсас нысандар құрылысымен айналысқан болатын.
«Жоба толығымен тіршілікке икемді деп санаймыз. Сол учаскеде желдің жылдамдығы мен күшінің көрсеткішін түсіруге арналған діңгек орнатылған. Белгілі болғандай, станцияға «Абай 1» атауы беріледі», - деді Шұрманов.
Айта кетсек, бұған дейін өңірдегі жел электр станциясының құрылысы Жарма және Ұлан аудандарында салу жоспарланған еді. Алдайда, ол жобалар сол күйі жүзеге аспай қалды.