$ 444.32  473.33  4.76

Украинада тұмаудан 220 адам қайтыс болды

Украинада жүріп жатқан тұмау эпидемиясы құрбандарының саны 220 адамға жетті. Бұл жайында елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

«Қайтыс болғандар қатарында 17 жасқа толмаған 3 бала және аяғы ауыр бір әйел бар. Ең көп зардап шеккен Одесса облысы, мұнда барлығы 38 адам көз жұмды. Сондай-ақ, Харьков облысында - 15, Винница облысында - 13, Запорожье облысында - 12, Черкасск облысында - 14, Ровен облысында - 14 және Киевте - 14 адам қайтыс болды» делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ең көп тұмауға шалдыққан тұрғындар Киев облысы мен қаласында. Мұнда жергіліті тұрғындардың 14,1 және 11,9 пайызы тұмау жұқтырған. Ал, ең төменгі көрсеткіш Закарпатье мен Харьков облыстарында.

Бір ғана 7 ақпанда елде 65 мың адам тұмауға шалдыққан. Олардың тең жартысы 17 жасқа толмаған балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары