$ 494.87  520.65  4.91

Ислам Каримов гомосексуалдардан жиіркенетінін айтты

Өзбекстан президенті Ислам Каримов біржынысты некені Батыс мәдениетінің жиіркенішті көріністерінің бірі деп атады. Бұл жайында ол бүгін таңертең Ташкент облысы Ұлттық депутаттар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде айтты деп жазады Азаттық радиосының Өзбекстандағы өкілдігі.

«Егер еркек еркекпен немесе әйел әйелмен отау құрса олардың бір жерінде ауытқуы бар» деді И.Каримов депутаттар алдында.

Радиостанция тілшілерінің хабарлауынша, соңғы уақытта интернетте өзбекстандық гейлер мен лесбилерді ұрып-соғып, жәбірлеген видеороликтер қаптап кеткен. 23 қараша күні елде гомосексуализм айыбы бойынша 20 жастағы мұғалім Мұхаммедризо Эргашев ұсталған болатын. Оның туыстарының айтуынша, құқыққорғаушылар аталған жайт туралы ешкімге тіс жармауды бұйырған. Ал, айтқан жағдайда отбасының өзге де мүшелерін қамаймыз деп қорқытқан.

Айта кетейік, Өзбекстанда гомосексуализмге қатаң тыйым салынған. Елдің қылмыстық кодексінде гомосексуализм бабы бойынша 1-3 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары