12.03.2020, 11:20

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп атады

Фото: Jeon Heon-Kyun / EPA / ТАСС
Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген ДДҰ Twitter-дегі ДДҰ парақшасында.

Пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

11 наурыздағы жағдай бойынша жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырудың жалпы саны 118 елде 121 564 адамды құрады. 4373 адам қайтыс болды.