$ 514.65  544.6  5.17

Депутаттар «Луговое» күре жолдық медициналық-құтқару пунктін тексерді

«Луговое» КМҚП қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және сапасын жақсарту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Жамбыл облысы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің тексеру пункттерінің бірі «Луговое» трасс-медициналық-құтқару пунктінің (Т.Рысқұлов атындағы аудан, Құлан ауылы) емдеу-диагностикалық жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Sn.kz.

Күре жолдық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге тәулік бойғы режимде трассалық пункттің «жауапкершілік аймағында» медициналық көмек көрсету бойынша міндеттерді орындайды, оқиға орнына медициналық-құтқару реанимобильде шығуды жүзеге асырады, сондай-ақ медициналық көмекке өз бетінше жүгінген азаматтарға шұғыл көмек көрсетеді, табиғи және техногендік сипаттағы әртүрлі Төтенше жағдайлар кезіндегі салдарларды жою кезінде қатысады.

«2020 жылғы ақпанда облыстық мәслихат депутаттары Т. Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды. Депутаттарға соңғы екі жылдағы күре жолдық медициналық-құтқару пунктінің жұмысын талдау, шығу статистикасы және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету саны, қоғам бағалаған батырлық іс-әрекеттер жеткізілді. Зерделеу барысында амбулаторлық науқастарды қабылдау, қызметкерлердің тамақтану және демалуына арналған бөлмелер тексерілді», – деді Жамбыл облысы бойынша «ҚР ІІМ ТЖК АМО» ММ филиалының басшысы Жұмағали Панов.

Өз кезегінде депутаттар Жамбыл облысына қатысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының кейбір ережелерін жеткізді.

«Луговое» КМҚП қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және сапасын жақсарту бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Проблемалық мәселелерді шешу жолдары белгіленіп, кездесу достық және сындарлы жағдайда өтті.

«Тексеру барысында Т.Рысқұлов атындағы ауданы, Құлан ауылында орналасқан «Луговое» трасс-медициналық-құтқару пунктінің талапқа сай екені дәлелденді. Бұл пункте зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету саны, қоғам бағалаған батырлық іс-әрекеттер жүзеге асырылып қана қоймай, амбулаторлық науқастарды қабылдау, қызметкерлердің тамақтану және демалуына арналған бөлмелер де сапалы қызмет атқарып отыр», – деді Жамбыл облысы бойынша «ҚР ІІМ ТЖК АМО» ММ филиалының басшысы Жұмағали Панов.

Айта кетейік, Жамбыл облысының «АМО» филиалы өз қызметін 2014 жылғы маусымынан бастады. Оның құрамына 3 күре жолдық медициналық-құтқару пункті кіреді: «Луговое» (Құлан ауылы) , «Төле би» (Төле би ауылы), «Шығанақ» (Бұрылбайтал ауылы). Филиалдың негізгі міндеттері: жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары