Кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының 8-бөлімшесіне Бұқтырма суқоймасының ортасында қалып, жағаға жете алмай тұрған балықшылары көмек сұрап хабарласты, – деп хабарлайды Sn.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, таңертең балықшылар «Қарақол» орнына өткен, осы жерде балық аулайды. Осы жерге балықшылар көптеп жиналады. Осы бұғазға мұз үстімен барады. 23 ақпан күні ауа-райы қайта қайта құбылып тұрды, таңертең қар жауып, түстен соң күн шықты және рұқсат берілмеген осы жерді қар үрлеп тастаған, және оо аз болғандар жаңа жауған қар жарқырып тұрған күн астында еріп, жер ботқадай болды. Кешкісін рұқсат берілмеген жолда жеңіл көліктер қақпанға түсті.
«Біз үнемі балықшыларға түсіндіру жұмысын жүргіземіз, оларға мұзға көлікпен шығуға болмайтынын айтамыз. Жылымық кезінде мұздың беті еріп, астындағы ағын су да жұқартады. Жадынама таратамыз, онда мұздағы іс-қимыл толығымен көрсетілген. Десек те балықшылар осы ережелерді өздеріне де сынап көрді, алайда бәрібір де қауіпті кезеңде мұз оюды жалғастыра береді» - дейді жедел-құтқару жасағы 8-бөлімше басшысы Марат Смағұлов.
Құтқарушылар УАЗ көлігімен аталған орынға жетті, сол жердегі 9 балықшыға көмек көрсетіп, және көліктерін суырып алып шықты да Октябрьский кентіне дейін ертіп әкелді.
Айта кетейік, түнгі уақытта зардап шеккендерді іздеу қиынға соққан. Дегенмен, оларды іздеу барысында дауыс зорайтқыш қолданылып, соның арқасында балықшылар табылды. Зардап шегушілердің жағдайы ойдағыдай болғандықтан, олар эвакуациядан бас тартты. Су қоймасындағы мұз қалыңдығы 5-7 см екені анықталды. Ол көлікті көтере алмаған. Оқиға жағалау маңында болған, сондықтан көліктің тек бір бөлігі ғана су астында қалған. Құтқарушылар мен жағадағы басқа балықшылар көлікті шығарып алды. Кейін зардап шегушілер Күршім ауылына дейін жеткізілді.
«Біз осы айдың басынан бері балық аулайтын орындарды аралап, балық аулау кезіндегі негізгі ережелерді түсіндіріп жүрміз. Аралайтын аумақ өте үлкен. Күршім өткеліне дейінгі аумақ 36 шақырымды қамтиды. Қазіргі уақытта 100 адаммен әңгімелестік. Қайғылы оқиғаларды мысалға келтіріп, нұсқаулық таратып жатырмыз, бірақ соған қарамастан адамдар мұз айдынына бара береді. Жеңіл автомобильді қалыңдығы 20 см асатын мұз қабаты ғана көтере алады, сондықтан күзгі мұз өте қауіпті екенін тағы да еске саламыз», - деді 8-бөлімше басшысы Марат Смағұлов.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр ШҚО-да әуесқой 11 балықшы суға кетіп қайтыс болған. Олар – мұз толық қатпай жатып, ау құрып, қармақ салғандар.
Сондықтан өңірдегі төтенше жағдай қызметкерлері балықшыларға сақтанудың жолдарын көрсетті. Әуесқой балықшылар үшін биыл аймақта арнайы 70 орын белгіленген. Қазір кей өзен-көлдерде мұздың қалыңдығы 20 см-ге жетпейді. Құтқарушылар балықшыларға абай болуды ескертеді.
«Күн суытқаннан бері су қоймаларының көбі қатып қалды. Бірақ бәрінде мұздың қалыңдығы бірдей емес. Біреуінде қалың. Енді бірінде өте жұқа келеді. Кейде мұз өте жұқа болғандықтан қайғылы жағдайға әкеліп жатады. Сондықтан біз жаңа жыл қарсаңында балықшылардың назарын ерекше аудару үшін Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп сақтандыру шараларын жүргізіп жатырмыз. Қыста балық аулауға құмар жандар үшін өте абай болуын және ішімдік ішпеуін ерекше ескертеміз», – деді ТЖД жедел құтқару отрядының бас құтқарушысы Владимир Субботин.