02.02.2020, 13:00

Түркістан облысының су тасқынына әзірлігі пысықталды

Айта кетейік, облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған.

Түркістан облысы Түркістан қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында «Көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифинг спикері болып Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы Жунусов сөз сөйледі, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында облыста ауа райының қолайлы болуынан және болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу іс –шараларының дер кезінде сапалы орындалуынан су тасқыны және су басу жағдайлары 2019 жылы орын алмағаны, қазіргі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы бірқалыпты, тұрақты бақылауда екені сөз болды.

«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Айтұхаметовтың төрағалығымен 2020 жылғы 21 ақпанда көктемгі болуы мүмкін су тасқынының алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссия отырысы өткізіліп, қала аудан әкімдіктеріне және тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, су қоймалары мен өзендердің су режиміне күнделікті мониторинг жүргізілуде», – деді Департамент бастығы Н.Жунусов.

Айта кетейік, облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Тасқын суларды қабылдауға жеткілікті қорлары бар, ал өзендердегі судың өтуі орта деңгейден төмен. 

«Бүгінгі таңда өзеннің арнасында судың ағысы қалыпты, жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ. Ал, таудағы жиналған қар қоры нормадан төмен, аумақтың жазық жерлерінде қар жоқ. Аэровизуалды және жер үсті зерделеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіліп келеді. Көктемгі болуы мүмкін төтенше жағдайларға әрекет етуге күш пен құралдары әзірлікке келтірілген», – деп айтып өтті Департамент бастығы Н. Жунусов.

Ал брифинг барысында модератор болған Бұқаралық ақпара құралдарымен байланыс бөлімінің Бас маманы Жадыра Қожахметова облыста атқарылған бірқатар істерді айта келе, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда оан қарсы күрес жүргізуге облыстық департамент сақатай сай екенін тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда барлық жағдайлардың алды алынған. Ең бастысы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайға дайын. Республикалық немесе жекеменшік болсын барлық су қоймалары толық тексерістен өтіп, жағдайы бір қалыпты екеніне көз жеткізілген. Соның ішінде, атап айтқанда, қазіргі таңда облыс аумағында 40 су қойма орналасқан 18 су қойма - республикалық меншікте; 17 су қойма - қала, аудандық коммуналдық меншікте, 5 су қойма жекеменшікте. Қараусыз қалған су қоймалары жоқ», – деді Бұқаралық ақпара құралдарымен байланыс бөлімінің Бас маманы Жадыра Қожахметова.

Айта кетейік, Түркістан облысы Түркістан қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында «Көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы» тақырыбында брифинг өткізіліп, бас спикер Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы Жунусов журналситер алдында есеп берген болатын. 

Естеріңізде болса, 2020 жылғы 25 ақпанда Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында орталық және атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне әзірлігі және елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралған болатын. Онда ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, ал отырыс қорытындысы бойынша ІІМ, ИИДМ, ЭГТРМ және «Қазгидромет» РМК өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткен еді.

Бірінші мәселені қарастыру кезінде Премьер-Министрге мемлекеттің алдағы су тасқыны кезеңіне әзірлікті жалғастырып жатқаны баяндалды.

Бүгінде 13,5 мың тонна жанар-жағар май, 152,6 мың тонна инертті материалдар, 840 мың құм салынған қап және 47 тонна жарылғыш заттар қоры дайындалды, елді мекендерден 8,8 млн текше метрден астам қар шығарылды. 

Сөйтіп республика бойынша эвакуацияланған халықты қабылдайтын 1707 пункт дайындалды, эвакуациялау бағыттары жаңартылды, жалпы саны 9 мың адамнан және 1730 бірлік техникадан тұратын ІІМ күштері мен құралдары дайындалды. Халықты хабардар ету және оқыту жұмыстары қолға алынғанын айта кеткен жөн.