$ 494.87  520.65  4.91

Тұрғындарды балағаттап жатқан әкім ВИДЕОға түсіп қалды

Видеодан ауылдық округ әкімі Болат Жасыбаевтың тұрғындардың аузын жауып, балағат сөздер айтып жатқаны естіледі.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Көктөбе ауылдық округінің әкімі жиын кезінде тұрғындарды балағаттаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Видеодан ауылдық округ әкімі Болат Жасыбаевтың тұрғындардың аузын жауып, балағат сөздер айтып жатқаны естіледі.

"Біз видеоны тексеріп, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің өкілдерімен сөйлестік. Қазіргі уақытта ауылдық округ әкімін жұмыстан босату бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Шешім қабылданды. Облыс әкімінің тапсырмасы бар. Енді тек құжаттарды рәсімдеу керек", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әкім #балағат