$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус: карантинге жатқызылған әзірбайжандық әйел көз жұмды

Сонымен қатар, науқас коронавирус жұқтырған.

1969 жылы туған Әзербайжан азаматшасы Ираннан ем қабылдап, елге келгеннен кейін ауырып, ауруханаға барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап. 

«Тексеру барысында одан ауыр сатыдағы аутоиммундық ауру, атап айтсақ, қызыл жегі, соңғы сатыдағы ауыр созылмалы бүйрек ауруы анықталған», деп хабарлады министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб. 

Сонымен қатар, науқас коронавирус жұқтырған. 

«Ерекше режімдегі ауруханаға жатқызылған пациенттің денсаулық жағдайы орташа деп бағаланды, оны емдеу үшін тиісті шаралар қабылданды. Барлық емдеу шараларына қарамастан ауыр аутоимундық ауруының асқынуына байланысты оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», делінген хабарламадa.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары