$ 448.89  477.93  4.76

Ақтөбеде 10 млрд теңгеге жөнделген жолдардың тозығы жетіп үлгерген

Соңғы үш жылда Ақтөбе қаласындағы жолдарды күрделің жөндеуден өткізу үшін шамамен 10 млрд теңге жұмсалған деп жазады timeskz.kz.

Ең көп қаражатты жергілдікті билік өкілдері 2013 жылы жұмсаған. Яғни, бұл кезде облыс орталығындағы жолдарды жөндеу үшін бюджеттен 5 млрд теңге бөлінген екен. Ал, 2014 жылы - 3 млрд, 2015 жылы 2 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Алайда, бүгінгі таңда аталған жолдардың әбден тозығы жеткен деп жазады аталған басылым.

- Бүгінгі таңда қала аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 621 шақырымды құрайды. Олардың 266,4 шақырымына асфальбетонды жабынды төселген, яғни 43 пайыздан төмен, - дейді Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын қала тұрғындарының алдында берген есебінде. - Қазіргі таңда осы жолдардың 370 шақырымы немесе 60 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. Ал, 250 шақырымнан астамының (40 пайыз) тозығы шыққан.

Әкімнің айтуынша, былтыр 8 жоба бойынша жаңа жол құрылыстары басталған. Олар биыл жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал, жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Осы жобалар аясында жергілікті билік өкілдері 12,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын тағы жүргізбекші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары