$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда қайтыс болған нәресте өртеу рәсімінде оянып кетті

Қытайда дәрігерлер қайтыс болды деген нәресте өртеу рәсімі кезінде оянып кетті. Абырой болғанда, мамандар сәбидің денесіне от қойып үлгермеген деп жазады The Independent жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Нәресте Чжэнцзян провинциясында 8 қаңтар күні 7 айлық болып туылған. Дәрігерлер оны инкубаторға салып, 23 күн бойы қолдан таныстандырыпты. Алайда, мұнан кейін сәбидің ата-анасы балаларын дәрігерлерінің ескертуіне қарамастан үйіне алып кеткен. Олар Қытай жаңа жылын отбасымен қарсы алмақ болған көрінеді.

Арада екі күн өткеннен кейін нәрестенің жағдайы қайта нашарлап, ерлі-зайыптылар оны ауруханаға алып келген. 4 ақпан күні бала қайтыс болыпты. Сәбидің денесі мәйітханада 23 сағат бойы -12 градус суықта жатқан. 

Келесі күні дәрігерлер нәрестенің денесін өртеу камерасына салып жатқан тұста ол жылап жіберіпті. Мамандар дереу оны жансақтау бөліміне жеткізіп, қайтадан тыныс алу аппаратына қосып қойды.

Баланы өлді деп санаған доктор Чен әлі күнге дейін не болғанын түсінер емес. Ал, аурухана басшылығы болған жайтты дәрігерлердің салғырттығынан көріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары