13.03.2020, 13:00

Президент маңызды кадрлық өзгерістер жасады

Жаңа қызметкен келген Бағдат Мусин бұрын "Қазпошта" АҚ-ның төрағасы болған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Нәтижесінде Бағдат Мусин президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды;

Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Жаңа қызметкен келген Бағдат Мусин  бұрын"Қазпошта" АҚ-ның төрағасы, президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.