13.03.2020, 22:01

Германияда жүрген қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны анықталды

Фото: pixabay.com
Сондай-ақ, онымен 12 адамның байланысқаны анықталды.

Елордада өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германияда COVID-19 вирусы анықталған Қазақстан азаматына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бізге Сыртқы істер министрлігінен Германияда коронавирус диагнозы қойылған Қазақстан азаматы бар деген ақпарат келді. Өкінішке орай, біздегі бар ақпарат осы», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ, онымен 12 адамның байланысқаны анықталды. Оларға карантин қойылды, ал қазақстандық Берлинде қалды.