$ 494.87  520.65  4.91

10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың тауларында қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.  Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің күші 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.  Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіліп, желдің күші 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары