Ертең ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телевизия арқылы үндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізді. Мемлекет басшысы ертең, яғни, 16 наурыз күні телевизия арқылы үндеу жасайды", - деп жазды Берік Уәли.
Сондай-ақ, ол президенттің төтенше жағдай кезеңінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін Мемлекеттік комиссия құрғанын жеткізді. Комиссия құрамына Премьер-Министр және жоғары мемлекеттік орган басшылары кірген.