$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер белгілі болды

Мұнан бөлек, ҚХР-нан және шекаралас мемлекеттерден келгендерге бақылау жасау жалғасуда.
Фото: objectiv.tv
Фото: objectiv.tv

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жағдайына байланысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Министрліктің дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырған 6 адам тіркелген. Олардың төртеуі - Алматы қаласында, екеуі - Нұр-Сұлтан қаласында. Ал 1425  адам стационарлық карантинге жатқызылса, 496 адам үй карантинінде жатыр.

Мұнан бөлек, ҚХР-нан және көршілес мемлекеттерден келгендерге бақылау жасау жалғасуда.

"Қазіргі кезде 122 адам  дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде, 1 "Б" категориясы бойынща – 35 адам; 2 категория бойынша – 42 адам; 3 категория бойынша - 45 адам. 122 адам ауруханаға жатқызылған, 62 азамат шығарылса, 60 адам стационарда қалады", - делінген ресми хабарламада.

Бір ескерте кетерлігі, коронавирусқа байланысты жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары