$ 514.65  544.6  5.17

Ресейлік ғалым «күн жылынғанда коронавирус жойылады» деген болжамды бос қиялға теңеді

Оның айтуынша, COVID-19 вирусы пайда болған Ухань қаласында қыстың өзінде жанға жайлы күн райы сақталған.

Ресейлік ғалым, медицина ғылымдарының докторы Борис Ревич күн жылынғанда коронавирустың жойылатынын қиялдан туған болжам екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, COVID-19 вирусы пайда болған Ухань қаласында қыстың өзінде жанға жайлы күн райы сақталған.

«Қазір күн ысыған кезде коронавирус белсенділігін бәсеңдетеді деген болжам айтылып жатыр. Бұл қиялдан туған болжам. Вирус бізге Ухань қаласынан келді, ол жақта қаңтардың өзінде +10 градус жылы. Сондықтан, жылы ауа райы коронавирусты жояды деу қателік», - деді Ревич.

Яғни, оның айтуынша, вирустан құтыламыз деп жазды күтудің қажеті жоқ. Тек мемлекет бекіткен шаралар бойынша жүріп-тұру қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус