$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет пен Сенат отырысы онлайн режимде өтеді

Шаралардың трансляциясы туралы алдын ала хабарланады.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Коронавирустың таралуына байланысты Сенат пен Үкіметте өтетін іс-шаралар онлайн режимде көрсетілетін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығымен еліміздің аумағында COVID - 19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы күрес және азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары күшейтілуде.  

"Осыған байланысты 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Үкімет үйі ғимаратында келушілер және кеңестерге қатысушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізіледі.
Үкімет отырыстары онлайн режимде PrimeMinister.kz сайтында және ресми аккаунттарында таратылады. Шаралардың трансляциясы туралы алдын ала хабарланады", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сенат #Үкімет