«Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО "төтенше жағдай кезінде орталықтар жұмыс істей ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
WhatsApp мессенджерінде ертеңнен бастап елдегі барлық халыққа қызмет көрсету орталығы төтенше жағдай кезінде жұмысын уақытша тоқтатады деген қауесет тарап жатыр.
Редакция осы ақпаратты нақтылау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО басқарушы директоры Мұрат Жұманбаймен байланысқа шықты.
«Үкімет тарапынан ресми бұйрық болған жоқ», - деді Мұрат Жұманбай.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ХҚКО Үкімет тарапынан ресми хабарлама келгенге дейін бұрынғы жұмыс уақытында қалады.