$ 444.22  476.38  4.82

Елордада түнгі клубтар мен моншалардың жұмысы тоқтады

Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қазақстан астанасында караоке, түнгі клуб, монша, компьютерлік клубтар мен фитнес орталықтары уақытша жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputniknews.kz хабарлады.

Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін астанада кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен көңіл көтеру орындары жұмыс істемейді. Атап айтсақ, түнгі клубтар, караоке, бар, монша, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер уақытша жабылады.

Сонымен қатар, мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді. Тамақтану орындарында бір мезетте адамдар саны елуден аспауы керек.

Дәмхана мен мейрамханаларда  және тағы басқа орындарда кальян пайдалануға тыйым салынып отыр. Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады.

Бұдан бөлек, ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты шектелді. Енді олар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді. Қоғамдық көліктердің жұмысы да еш өзгеріссіз. Соңғы аялдама пунктерінде автобустар дезинфекциядан өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары