Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді. COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақтала береді дейді сарапшылар.
Ресейлік сарапшылардың сөзіне қарағанда, кредит ұйымдары беретін қағаз ақшалар банктерде 14 күн уақыт тұрады да кейін ғана клиенттерге беріледі.
Дегенмен сарапшылар қолма-қолма ақшадан толықтай бас тартуға шақырмады, бірақ банкнота мен тиындарды ұстағанда қол жууға кеңес береді.