Беларусь президенті Александр Лукашенко жергілікті билік басшыларын коронавирусқа байланысты дүрбелеңге салынбай, жұмыс істеуін жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz, BelTA-ға сілтеме жасап.
"Қиындықтар көп. Көріп отырсыздар: әлем коронавирус деп жындана бастады немесе коронавирус туралы барлық пайымдар мүмкін де шығар. Бірақ біз үшін бұл басты және қорқынышты нәрсе емес. Біз нешеме түрлі вирустарды бастан кешірдік, бұдан да аман өтеміз. Бұдан да қиын вирустар болған: шошқа тұмауы, құс тұмауы және SARS пневмониясы. Кезінде тура осылай "қайдан шықты бұлар" деп бәрі ахілеп-ухілеген", - деп атап өтті Александр Лукашенко.
Президенттің айтуынша, Беларусь қауіп-қатерлерге лайықты деңгейде қарсы тұруда. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы мақсатты шаралар қолдануда, ал беларусьтықтардың өздері бұл жағдайда сабырлылық танытып, өзін дұрыс ұстауда.
"Біз үшін ең үлкен мәселе (проблема емес, жауапкершілік) - бұл экономика. Өкінішке орай, коронавирусқа қатысты теледидардағы барлық жылтың-жылтың еткен жаңалықтар экономикаға айтарлықтай әсер етуде. Тіпті, біздің туған Ресей, астын сызып тұрып көрсете кетейін, Беларусь елімен арадағы шекараны жауып тастады", - деп ол.
Сонымен бірге, ол Беларусь еліндегі жағдай біршама тыныш екенін, керісінше Ресейде коронавирус өршіп тұрғанын атап өтті.
"Сондықтан кім кімді жабуы керек. Риторикалық сұрақ па", - деді президент.
Айта кетелік, бүгін Ресей Федерациясы Беларусь Республикасымен арадағы шекараны жапты.