$ 443.37  474.49  4.83

Кубик-Рубик құрастырудың рекорды жаңарды (ВИДЕО)

Кубик-Рубикті құрастыру бойынша 2016 жылдың қаңтарында орнаған рекорд қайта жаңартылды. Бұл жолы америкалық экономист ойлап тапқан жаңа компьютерлік жүйе кубикті 0,887 секундта жианп шықты. Бұл жайында Gizmag порталы хабарлап отыр.

2015 жылдың қарашасында АҚШ студенті Захари Громко жасаған робот Рубиктің кубигін 2,39 секунда құрастырып, әлемдік рекорд орнатқан болатын. Алайда, 2016 жылдың қаңтарында Канзас штатының тұрғындары Джэй Флэтленд пен Пол Роуз өз машиналарын жасап, аталған компьютерлік жүйе кубикті небәрі 0,9 секундта жинап шыққан еді.

Ал, Адам Бир ойлап тапқан Sub1 жүйесі канзастық өнертапқыштардан жылдам әрекет ете алатынын көрсетіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары