17.03.2020, 09:45

Алматыда тағы үш адамнан коронавирус анықталды

Фото: pixabay.com
Ауру жұқтырғандардың бірі - он екі жастағы қыз бала.

17 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі  коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам анықталды. Алматы қаласы бойынша тағы үш науқас тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында 11 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 адам, жалпы 13 науқас тіркелді. 

Ауру жұқтырғандардың бірі - он екі жастағы қыз бала. Ол Алматы ауруханаларының бірінде емделуде.

Естеріңізде болса, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді. Осы жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялап, індетті бірге еңсеруге шақырған болатын.