17.03.2020, 12:45

Көшеде жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынатыны рас па?

Фото: Хабар 24
Ережеге мән берулеріңіз сұралады!

WhatsApp мессенджерінде "ертеңнен бастап көшеде жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынады", деген ақпарат қолдан қолға таралып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ертеңнен бастап көшеде жүрген балалардың ата- анасына айыппұл салынады. Балалар үйде болуы керек. Ережеге мән берулеріңіз сұралады! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" - делінген жалған ақпаратта.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.