Жалпы Нұр-Сұлтанда 16 адам, ал Алматыда 11 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады Baq.kz.
"Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 14 науқас тіркелді", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Бұл науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, барлық контактілері анықталды.
Айта кетейік, қазір 1536 адам стационар карантинінде, 1094 үй карантинде жатыр. Елімізде жалпы вирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті.