Елжан Біртанов елдегі жағдай бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Жалпы, барлық жағдай үкіметтің бақылауында деп айтқым келеді. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр және инфекцияның таралуын болдырмауға және медициналық көмекке қажетті барлық шешімдер дер кезінде қабылдануда", - деді ол.
Министрдің айтуынша, бізде медициналық және диагностикалық құралдар жеткілікті.
Біртанов 17 наурызда бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енгенін ескертті.