$ 443.85  474.3  4.8

Ескерту! Денсаулық сақтау министрлігі хат-хабарларды электронды түрде қабылдайды

Министрлік көпшіліктен осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.
Фото: beta.egov.kz
Фото: beta.egov.kz

Коронавирус таралуының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі хат-хабарларды электрондық түрде қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында мәлімет жарияланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Елге коронавирустың таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) министрлікке жіберілетін хат-хабарларды электронды түрде (ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ) Министрліктің minzdrav@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұрайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі елге коронавирустың таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне орай, барлық азаматтарды қабылдау тоқтатылатынын жеткізді және көпшіліктен осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары