$ 514.65  544.6  5.17

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы тың деректер белгілі болды

Ол Куршавель - Берлин - Алматы чартерлік рейсімен келді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев арнайы брифингте коронавирустың жаңадан тіркелген дерегі бойынша егжей-тегжейлі мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын хабарланғандай, 16 наурызда Алматыда коронавирустың тағы бір оқиғасы расталды. Бұл - 1986 жылғы әйел, 15 наурыз күні таңертең 6-да Стамбұлдан келген.

Ол коронавирусқа қолайсыз елдердің санатына жатпайтындықтан ешқандай карантинге жатқызылмаған. Кеше оның анализдері расталды. Ол карантинге орналастырылды. Бүгінгі таңда онымен байланыста болған барлық адамдар табылып, карантинге алынды.

Бүгінгі таңда тағы үш жағдай анықталды. Олардың бірі - 2018 жылғы бала. Ол Куршавель - Берлин - Алматы чартерлік рейсімен келді. Бұл рейс 13 наурызда келді. Әуежайдан бүкіл борттағылар карантинге алынған. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Тағы екі анықталған факт - бұрын коронавирус анықталған адаммен байланыс нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланған адамдар.

Осылайша, бүгін таңда Алматыда 11 расталған жағдай тіркелді. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус