Психолог жұрттың коронавирус кезінде жаппай дәретхана қағаздарын сатып алу себебін түсіндірді, деп хабарлайды SCMP.
Басылымның мәліметінше, бүгінде АҚШ, Жапония, Аустралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Исландия және Еуропаның тағы басқа елдерінде індет өршіп, халық медициналық маскалар мен азық-түлік өнімдерінен басқа, дәретхана қағаздарын да жаппай сатып алып жатыр.
Психологтың айтуынша, дүрбелеңнен дүрбелең туады.
"Адамдар - әлеуметтік тұлғалар, олар қауіпті кезеңдерде бір-біріне қарап, қалай әрекет ету керегін білмей қалады. Біреудің дүрбелеңге салынып, дүкеннен барлық затты алып жатқанын көрсеңіз, сіз де солай жасағыңыз келеді", - дейді психолог.
Оның айтуынша, бос қалған дүкендердің суретін көрген адам бірінші кезекте бірден дәретхана қағазын алу керек деп шешеді. Оның ойында тапшылық шынайы өмірдегі тапшылыққа әкеп соғады.
Осылайша, психологтың сөзіне қарағанда, олар жағдайды өз бақылауына алған сияқты болып, тынышталады.