$ 498.34  519.72  4.85

Бауыржан Байбек тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлінгенін айтты

Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бағытталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Бауыржан Байбектің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады. Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады.

Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған жедел штабтарға кез келген көмек көрсету үшін волонтер-еріктілердің ықшам топтары жасақталуда", - деп жазды Бауыржан Байбек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары