$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік қызметкерлерге үйде отырып, Skype арқылы кеңес өткізу ұсынылды

Демек, министрлер мемлекеттік органдардың басшылары ретінде ТЖ кезінде бұрынғы жұмыс режимінде жұмыс істейтін болады.
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz

Қазақстан Республикасы МҚІА басшысы Анар Жайылғанова "қазақстандық министрлер елде төтенше жағдай енгізілген кезде қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырыла ма?" деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Агенттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік қызметкерлердің 70%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру туралы тапсырмасының бірінші басшыларға қатысы жоқ екенін хабарлады.

Демек, министрлер мемлекеттік органдардың басшылары ретінде ТЖ кезінде бұрынғы жұмыс режимінде жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, МҚІА-де бүгін Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылған мемлекеттік қызметкерлерге үйде отырып, Skype арқылы кеңес өткізуді ұсынды.

Еске сала кетейік, 17 наурызда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары