Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды.
Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді. Санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді.
Бұл ретте, Үкімет екі мегаполиске кімдердің кіріп-шыға алатынын түсіндірген болатын.