$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте жыл басынан бері 3,5 мың ит-мысықтың көзі жойылған

Шымкентте жыл басынан бері 3500-ге жуық қаңғыбас ит пен мысық ауланған. Бұл жұмыстарды атқару үшін қала бюджетінен 38 млн теңге бөлінген деп жазады Otyrar.kz.

Қаңғыбас иттерден зәбір көрген шымкенттіктерден арнайы бригадаға 239 өтініш түскен. Қазір қалада арнайы құралдармен жабдықталған 6 топ бар.

Ауланған жануарлар қала сыртындағы беккари шұқырында залалсыздандырылған. Сала мамандары қаламызда құтыру ауруынан қауіп жоқ деп сендіреді. Дегенмен көше кезген ит-мысықтардан сақтанған жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары