$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 80-нен астам қылмыс жасаған ұрылар тобы ұсталды

Шымкенттік полицейлер көліктердің қосалқы бөлшегін ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топты ұстады. 4 адамнан құралған топ ұзақ уақыт бойы қосалқы бөлшектермен бірге көліктердегі қымбат аксессуарларды және бағалы дүниелерді ұрлап келген.

Күдіктілер 1988, 1990 және 1991 жылдары туылған Шымкент қаласының тұрғындары, жұмыссыз азаматтар. Полицейлер олардың 80-нен астам автобөлшектерді ұрлау деректеріне қатысы барын анықтап отыр.

Тергеу барысында анықталғаны, жас жігіттер түн ішінде ауа райының қолайсыздығын пайдаланып, көп қабатты үйлердің алдында тұрған көліктердің капоты мен салонын бұзып ашып, ондағы бағалы заттар және қосалқы бөлшектерін: волюметрлерін, аккумуляторларын, борт-компьютерлерін қолды етіп отырған. Содан соң ұрланған заттарды түрлі сауда нүктеліріне, қалғанын металл қабылдайтын орындарға өткізіп, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 5 миллион теңгеден асып отыр.

Қазіргі таңда аталған ҚР ҚК-нің екі бабымен: 188-бап «Ұрлық», 262-бап «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары